Каспий құбыр консорциумына байланысты санкция мәселесі туындады — Дэвид О’Салливан

Еуропалық сарапшылар Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыс деп санайтын заңның қабылдануын қолдады
Фото: pixabay

АСТАНА. KAZINFORM — Еуропалық Одақтың санкциялар жөніндегі арнайы өкілі Дэвид О’Салливан Астанада өткен баспасөз конференцияда Қазақстан тарапында Ресейге салынған санкциялармен байланысты бірнеше мәселе туындағанын мәлім етті.

«Санкциялар мәселесіне байланысты айтсақ, Қазақстан тарапында бірнеше мәселе туындады. Қазір осы мәселелерді талқылап жатырмыз. Әңгіме Каспий құбыр консорциумының функционалдығы мен қызмет етуімен байланысты болды. Қазақстан Еуропалық Одақ нарығына ірі мұнай экспорттаушы болып есептеледі. Біз оны өте қатты бағалаймыз», - деді Дэвид О’Салливан.

Сондай-ақ, ол Еуразия даму банкіндегі активтердің бұғатталуы туралы сөз қозғады.

«Тағы бір басты мәселенің бірі Еуразия даму банкіндегі бұғатталған активтер еді. Бұл мәселемен білек сыбанып айналыстық, соның арқасында бельгиялық әріптестердің көмегімен аталған активтерді бұғаттан шығара алдық. Енді бұл активтер Қазақстанда іске асырылатын жобаларға бағытталады», - деді Еуропалық Одақ өкілі.

Дэвид О’Салливан Қазақстанға осымен үшінші рет келіп отырғанын еске салды. 

«Бізді алаңдатып отырған мәселе Қазақстаннан Ресей Федерациясына санкция салынған тауарлардың реэкспортталуы мүмкін екендігімен байланысты. Біз Қазақстанға тауарлар импорты айтарлықтай өскенін көріп отырмыз және ол қосымша бағытталуы мүмкін екеніне алаңдаулымыз. Біз әуел бастан Қазақстанның санкцияларға қосылмайтыны туралы шешімін құрметтеу туралы ұстанымыз бар екенін мәлімдегенімізді және санкцияларға қосылуды ешқашан өтінбегенімізді айқындап айтқым келеді. Бар сұрап отырғанымыз – Қазақстан аумағы арқылы үлкен жетілік елдері енгізген санкцияларды айналып өтуге жол берілмеуін қамтамасыз ету. Біз Қазақстанның бұлай болмайтынына және әскери мақсаттағы бұйымдар Ресейге қосымша бағытталмайтынына сендіріп, кепілдік бергеніне разымыз», - деді Дэвид О'Салливан.

Соңғы жаңалықтар