Каспий құбыр консорциумы арқылы 745 млн тоннадан астам мұнай тасымалданды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Каспий құбыр консорциумы арқылы әлемдік нарыққа 745 млн тоннадан астам мұнай жеткізілді. Бұл туралы XVII Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Энергетика саласындағы екіжақты өзара іс-қимылдың қазіргі деңгейінің артып келе жатқанына жеке тоқталғым келеді. Биыл мұнай тасымалдау жөніндегі ірі халықаралық жоба – Каспий құбыр консорциумының 25 жылдығын атап өтетін боламыз. Каспий құбыр консорциумы құрылғаннан сәттен бері әлемдік нарыққа 745 млн тоннадан астам мұнай жеткізілді», - деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президентінің атап өтуінше, мұнай өндіру көлемінің артуына, жаңа кен орындарының игерілуіне, сонымен қатар мұндай өндіру жөніндегі бірлескен жобалардың қолға алуына байланысты Каспий құбыр консорциумының өткізу қабілетін арттырып, оны басқаруда тұрақтылықты қамтамасыз ету маңызды.
«Біздің кәсіпорындарымыз бірлесіп, әлемдік деңгейдегі кен орындарын – Теңіз бен Қарашығанақты игеріп жатыр. Каспийдің қазақстандық бөлігінде «Жеңіс» және «Әл-Фараби» теңіз жобалары жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобалардың жалпы құны 6,5 млрд долларды құрайды. Бұған қоса, Хазар теңізінен ірі «Қаламқас» кен орнынан игеруге кірісеміз. Ресейлік тараптан стратегиялық серіктестік айқындалған. Бұл «Лукойл» компаниясы. Жобаның жалпы құны шамамен 5 млрд долларды құрайды», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев.