Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалындағы бірінші құрылғысы жөнделді

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Каспий құбыр консорциумы Қара теңіз жағалауындағы теңіз терминалының бірінші айлағындағы құрылғыны жөндеуді толық аяқтады. Мұнда гидростатикалық сынақтар орындалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Каспий құбыр консорциумының бас директоры Николай Горбаньның айтуынша, теңіз терминалындағы бірінші айлақ құрылғысында қалқымалы танкіні ауыстыру жұмыстары толық аяқталған. Қазір құрылғы іске қосылды.

«Қазір мердігер компания VPU-2 құрылғысын жөндеуге қатысты дайындық жұмыстарын жүргізе бастады. Бұл құрылғыны жөндеу жұмысының аяқталу мерзіміне болжам жасау өте қиын. Өйткені, мұндағы ауа райы құбылмалы болып тұр. Бұл теңіз терминалында белгілі бір параметрлерді қалыптастырады. Сол себептен, ауа райының құбылмалылығы құрылғыны жөндеу жұмыстарына белгілі бір әсерін тигізеді», - деп мәлім етті Николай Горбань.

Оның дерегінше, тамызда су асты құрылғыны жүзу танкілеріне бекіту тораптарында жарықтар табылған. Кейін екі айлақтағы құрылғылардан өнім жөнелту тоқтатылған.

«Осы кезге дейін мұнай жөнелту тек VPU-3 құрылғысы арқылы жүзеге асырылды», - дейді Н. Горбань.

Соңғы жаңалықтар