Каспий құбыр консорциумының жұмысын тоқтату туралы сот шешімі айыппұлға алмастырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Краснодар өңірлік соты Каспий құбыр консорциумы жұмысын тоқтата тұру жөніндегі шешімді өзгертіп, айыппұлға алмастырды. Консорциумға 200 мың рубль айыппұл төлеу міндеттелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
None
None

«200 мың рубль айыппұл төлеуге өзгертіліп, шешімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылсын», - деген Краснодар өңірлік сотының судьясы.

Еске салсақ, Новороссийскінің Приморск аудандық соты құжаттық заң бұзушылықтар үшін «КТК-Р» компаниясының қызметін 30 тәулікке тоқтатқан болатын.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Каспий құбыр консорциумы қызметінің уақытша тоқтап қалуына байланысты жедел кеңес өткізді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай тасымалдауда Транскаспий бағдарын дамытуды тапсырды.

Кейін ҚР Энергетика министрлігінен Қазақстан мұнайы Каспий құбыр консорциумының құбыр желісі арқылы штаттық режимде экспортталып жатқанын мәлім етті.


Фото: tass.ru

Соңғы жаңалықтар