Каспий құбыры консорциумы акционерлерінің қарызын 2020 жылға дейін толық өтемек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Каспий құбыры консорциумы өз акционерлері алдындағы қарызын ішінара өтеді. Негізгі сома мен есептелген пайыздар есебіне жасалған төлем 210 млн АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Консорциумның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Каспий құбыры консорциумы акционерлерінің қарызын 2020 жылға дейін толық өтемек

Айта кетейік, Каспий құбыр консорциумы (КҚК) өзінің қаржылық қызметінде акционерлер тарапынан анықталған төлемді өтеуге басымдық беріп келеді.

«Қазіргі кезде басымдық болып 1997 жылғы қарыз бойынша («КҚК-Р» АҚ мен «КҚК-Қ» АҚ үшін несиегер ретіндегі) үкіметтік акционерлер мен өндіруші компаниялар займ шарттарын жасаудан туындаған акционерлер алдындағы борышы қарастырылып отыр. 2015 жылы бұл мақсатқа 1,5 млрд доллар, ал 2016 жылы 1,27 млрд. доллар жұмсалған. 2017 жыл басында өтеуге жататын сома шамамен 4,49 млрд долларды құраған. Осылайша қарыздарын қарқынды түрде қайтара отырып, Каспий Құбыры Консорциумы 2020 жылға қарай борыштарын толық өтеп, Акционерлерге дивиденд төлеуге кірісуді қарастырады», - делінген баспасөз баянында.

Еске сала кетейік, КҚК құбыр жүйесі ТМД аумағындағы энергетика саласында шетелдік капиталдың қатысуымен іске асырылатын аса ірі инвестициялық жобалардың бірі. Батыс Қазақстанның мұнай кен орындарын Новороссийскідегі теңіз терминалымен жалғастырып жатқан құбырдың ұзындығы 1 511 км құрайды. КҚК-ның Теңіз терминалы айлаққа шығарылатын құрылғылармен жабдықталған, бұл құрылғылар мұнайды жағадан едәуір қашықтықта тұрған танкерлерге қолайсыз ауа райы болғанда да қауіпсіз тиеуге мүмкіндік береді.