Каспий маңы елдерінің СІМ басшылары Мәскеуде бас қосады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Каспий елдерінің сыртқы істер министрлері Мәскеуде бас қосады, деп хабарлайды ТАСС .

Каспий маңы елдерінің СІМ басшылары Мәскеуде бас қосады

Ресей, Әзербайжан, Иран, Қазақстан және Түркіменстанның сырты істер министрлері -  Сергей Лавров, Эльмар Мамедъяров, Джавад Зариф, Қайрат Әбдірахманов пен Рашид Мередов сейсенбі күні Мәскеуде  кездеседі. Кездесуде олар Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы құжатты пысықтайды.

Бес ел министрлерінің кездесуі 2018 жылдың басында өтуі мүмкін осы форматтағы саммитке алдын ала дайындық ретінде қарастырылуда.

Айта кетейік, Каспий маңы мемлекеттері басшыларының жоғары деңгейдегі кездесулерінде Каспийдің түйінді мәселесі үнемі көтеріледі. Бес елдің көшбасшылары алғаш рет 2002 жылы Ашхабадта кездесті. Екінші Каспий саммиті 2007 жылы Тегеранда, үшіншісі - 2010 жылы Бакуде, төртіншісі - 2014 жылы Астраханьда өтті.