Каспий маңы мемлекеттері теңіздің мұнаймен ластануына қарсы бірлесе күресетін болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Мұнаймен ластануға әкелетін тосын оқиғалар жағдайындағы өңірлік әзірлік, ден қою және ынтымақтастық туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды.
Аталған Конвенцияға Каспий маңы мемлекеттерінің, атап айтқанда Әзербайжан, Иран Ислам Республикасы, Қазақстан, Ресей уәкілетті өкілдері 2011 жылы Ақтау қаласында қол қойған. Хаттаманың мақсаты Каспий маңы елдерінің мұнайдың төгілуіне байланысты тосын оқиғаларға ден қоюға әзірлігін қамтамасыз ету бойынша бірлескен қажетті шараларды қабылдау болып табылады. Сонымен қатар, теңіз маңындағы әрбір мемлекет мүмкіндігінше арнайы техникалардың ең аз санымен қамтамасыз етілуге міндетті болды. Сондай-ақ, егер басқа тараптар сұрау салғанда ондай техникаларды ұсыну және мұнай төгілумен байланысты төтенше жағдайларды жоюға Каспий маңы мемелкеттерінің барлық ұжымдық күшін пайдалану мүмкіндігі қарастырылады.
«Тұтастай алғанда, аясында Каспий маңы мемлекеттері теңіздің мұнаймен ластануына, қатысты ірі оқиғаларға, онымен күрес бойынша жаңа технологияларға қатысты ақпараттар алмасатын болады. Ақтау хаттамасы бұндай оқиғалар барысында теңіз маңындағы елдердің бірлесе ден қоюын қарастырады. Хаттаманы ратификациялау Каспий теңізі мұнаймен ластанған жағдайда өңірлік шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», деді Энергетика министрі Владимир Школьник .