Каспий теңізінде 2 тәулік бұрын суға кеткен жігіттің денесі табылды

АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Каспий теңізінде 2 тәулік бұрын суға кеткен жас жігіттің денесі табылды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Каспий теңізінде 2 тәулік бұрын суға кеткен жігіттің денесі табылды

Сейсенбі, 29 мамырда Маңғыстау облысында Каспий теңізінен 27 мамыр күні шомылу барысында суға батып кеткен 20 жасар жігіттің денесі табылды. Жұмыстарға ҚР ТЖМ Маңғыстау облысы бойынша ТЖД судан-құтқару қызметінің 12 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Сол күні Батыс Қазақстан облысындағы Чапаев кентінде жергілікті тұрғындар «Дөңгелек» су қоймасынан 28 мамыр күні балық аулау кезінде суға кеткен 32 жастағы ер адамның денесін алып шықты.