Каспий теңізінде 54 итбалық браконьерлерден құтқарылды
АСТАНА. Қазқпарат - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі ресейлік әріптестерімен бірлесіп Каспий теңізінде браконьерлік қылмысты алдын-алу шараларын жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат комитетке сілтеме жасап.
Сәуір-қазан айларында жүргізілген жедел-алдын алу іс-шаралары барысында теңіз кеңістігінде 68 жүзу құралын мінген 153 құқық бұзушы ұсталды.
«Ұзындығы 400 шақырымға жуық балық аулау торы және 17 мың ілмек алынды. Табиғи тіршілік ортасына 946 бекіре тұқымдас және 5 321 басқа ұсақ тұқымдас балық түрлері мен 54 итбалық қайтарылды. Іс-шара нәтижесінде 1,82 млрд теңге көлеміндегі залалдың алды алынды. Заң бұзғандарға 3,3 млн теңгеден астам айыппұл салынды», - делінген хабарламада.
Фото: funart.pro