Каспий теңізінде бір күнде 5 адам құтқарылды
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтау қаласында Каспий теңізінде 5 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Оқиға 28 маусымда болған. Каспий теңізінің жағалауында Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мобильді құтқару бекетінің жедел-құтқару жасағы 14, 26 және 28 жастағы адамдарды судан құтқарған.
«Бірнеше сағаттан кейін құтқарушылар тағы екі жігітті құтқарды. Олардың барлығы жабдықталмаған жерде шомылған. Медициналық көмек қажет болмады», - делінген мәліметте.