Каспий теңізінде болған апаттан үш жұмысшы қаза тапты, біреуі іздестірілуде

БАКУ. ҚазАқпарат - Әзербайжандағы мұнай платформасында болған апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Әзербайжанның Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Каспий теңізінде болған апаттан үш жұмысшы қаза тапты, біреуі іздестірілуде

Хабарламаға сәйкес, осы оқиғаға байланысты Әзербайжанның ҚК-нің 162-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда.

Каспийдің әзербайжандық секторында 23 қазан күні шамамен 12:00 кезінде апаттық жағдайдағы Н.Нариманов атындағы ПО «Азнефть» Мұнай-газ өндіруші басқармасының территориясындағы №441 алаңы жөндеу жұмыстары кезінде опырылған. Диаметрі 700 мм болатын құбырдың зақымдануы салдарынан өрт тұтанған. Шамамен 12:45 кезінде өрт ауыздықталды.

Апат кезінде платформада 41 жұмысшы болған. Апаттық құтқару бригадасының қолға алған шараларының нәтижесінде, 37 адам қауіпсіз жерге шығарылып, жағалауға «Orion-15» және «PSK-52» кемелерімен жеткізілді.

Із-түзсіз жоғалған төрт жұмысшының үшеуінің мәйіттері оқиға орнынан 2 шақырым жерден табылды. Із-түзсіз жоғалғандардың тағы біреуі іздестірілуде.