Каспий теңізінде браконьерлік тордан 60 дана бекіре балығы алынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шекара қызметінің «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының «Жеңіс» шекара катерінің әскери қызметшілері Каспий теңізінде ұзындығы 6500 метр болатын браконьерлік балық аулау торын анықтады.
Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Торды жинау барысында оған ілініп қалған 60 дана бекіре тұқымдас балық табылды.
Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды.