Каспий теңізінде браконьерліктің тың фактілері анықталуда

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Каспий теңізінде браконьерліктің  тың фактілері анықталуда.
None
None

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен брифинг барысында мәлім болды.

Атап айтқанда, «Бекіре-2012» кең көлемді балық қорғау акциясы шеңберінде өткізілген жедел іс-шаралар кезінде браконьерлік бірқатар фактілер анықталған. Мәселен, Ақтау қаласының маңында азамат Э. Баталовтың көлігі тексеріліп, одан жалпы салмағы 41 келіні құрайтын тұқы балығының 23 данасы тәркіленді. Ал 5 мамыр күні облысаралық Орал-Каспий балық шаруашылық бассейнінің Исатай бөлімінің инспекциясы қызметкерлері Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде екі азаматтан тұқы балығының 7 данасын алды.

Қазіргі таңда аталмыш істер бойынша толтырылған материалдар құқық қорғау органдарына жолданды.

Соңғы жаңалықтар