Каспий теңізінде ресейлік танкерден өрт шығып, 1 адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Каспий теңізінде ресейлік танкер өртке оранды. Танкерде мұнай өнімдері болмаған. Танкер экипажының қалған мүшелерін қатар тұрған кеме бортына эвакуациялады.
Алдын ала деректер бойынша, ресейлік танкер экипажының бір мүшесі қаза тапты, деп хабарлады РИА Новости.
"Өртке оранған танкердің 11 мүшесінің біреуі қайтыс болған деген дерек бар", - дейді агенттік тілшісі.
Оның айтуынша, қалған он адам қатар тұрған кемеге эвакуацияланды.
Әзербайжан ТЖМ өртті сөндіру үшін өрт сөндіру катері мен екі тікұшақ жіберуді жоспарлауда.