Каспий теңізінде танкер өртенді

АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Каспий теңізінде «Инженер Назаров» танкерінің бортынан өрт шықты. Бұл туралы Солтүстік-Кавказ федералдық аймағы күш-қуат құрылымдарының өкілі хабарлады, деп жазады Утро.ру.
None
None

«Машинист каютасынан өрт шыққаны туралы хабарлама жергілікті уақыт бойынша сағат 13:10-да келіп түсті. Танкер Махачкала қаласына жол жүріп бара жатқан еді», - дейді ведомствоның қызметкері. Басқа егжей-тегжейлері нақтыланып жатыр. 

«Инженер Назаров» танкері 1968 жылы жасалған болатын. Иесі - Астрахань қаласының «Волготанкер» ААҚ.

Соңғы жаңалықтар