Каспий теңізіндегі Қазақстан-Түрікменстан шекарасын межелеу туралы шарт ратификацияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Каспий теңізіндегі Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын межелеу және балық аулау аймақтарының шектес учаскелерін бөлу туралы шартты ратификациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Каспий теңізіндегі Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын межелеу және балық аулау аймақтарының шектес учаскелерін бөлу туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады», - деп жазды Ақорданың ресми сайты.