22:20, 23 Тамыз 2022 | GMT +5
Каспий теңізінен 300 келіден астам қоқыс шығарылды
АҚТАУ. ҚазАқпарат - «Таза Каспий» акциясы аясында су «аңшылары» теңіз астынан 300 келіден астам қоқыс шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл шара биыл үшінші рет ұйымдастырылды. Алғашқы жылы аңшылар теңіз астынан 3 тоннадан артық қоқыс шығарған еді.
«Каспий - біздің басты байлығымыз. Бірақ немқұрайлы қарайтындар көп. Демалған соң адамдар қоқысты өздерімен бірге алып кетулері керек. Біз тұтынғаннан кейін қалатын қалдықтың 80 пайызын қайта өңдеуге болады. Ол үшін қаланың бірнеше жерінде қабылдау пункттері бар. Тіпті сол үшін ақы да береді. Сондықтан картон қағаздар, пластиктерді пункттерге тапсыру керек», - деді эко-белсенді Гүлайым Қибасова.
Су «аңшылары» қала маңындағы жағалаулар таза екенін айтады. Ал, қала сыртындағы теңіз жағалаулары тазалықты қажет етеді. Каспий түбін тазалау жұмыстары жергілікті еріктілер тарапынан да жиі ұйымдастырылып тұрады.