Каспий теңізінің алғашқы газы Еуроодаққа 2019 жылы жеткізіледі - Еуроодақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы

АЛМАТЫ. 2 қазан. ҚазАқпарат - Еуроодақтың импорттық мұнай және мұнай өнімдерінің 5 пайызға жуығы Қазақстанның үлесіне тиеді. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан «Мұнай және газ - KIOGE 2013» халықаралық конференциясында айтылды.

Каспий теңізінің алғашқы газы Еуроодаққа 2019 жылы жеткізіледі - Еуроодақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы

«Еуроодақ Қазақстандағы ең ірі инвесторлардың бірі. Жалпы шетелдік тікелей инвестицияның тең жартысы Еуроодақтың үлесіне тиеді. Еуроодақ сондай-ақ, Қазақстанның ең негізгі сауда серіктестерінің бірі. Елдің сыртқы саудасындағы оның үлесі 40 пайызды құрайды. Өткен жылы екіжақты сауда көлемі 31 млрд. еуро болды. Оның үштен бірі Қазақстан экспорты», - дейді Еуроодақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Аурелио Бушез. Оның айтуынша, Каспий теңізінің газы Еуроодаққа 2019 жылдың басында жеткізіле бастайды.