Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Каспий маңы мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенциясын әзірлеу жөніндегі арнайы жұмыс тобының 46-шы отырысы өтті.
None
None

«Келіссөздерге  Әзербайжан Республикасының (басшысы Х.А.  Халафов), Иран Ислам Республикасының (басшысы Э. Рахимпур), Қазақстан Республикасының (басшысы З.А. Аманжолова), Ресей Федерациясының (басшысы И.Б. Братчиков) және Түркіменстан Республикасының (басшысы М.Г. Атаджанов) делегациялары қатысты. ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі З.Аманжолова отырысқа төрағалық етті», делінген баспасөз баянында.

Жиынның ашылу барысында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов құттықтау сөз сөйледі. Онда министр Каспий маңы мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлері кеңесінің қарсаңында өтіп жатқан астаналық отырыстың маңыздылығын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында  жоспарланған Бесінші Каспий саммиті барысында қол қою үшін Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны түбегейлі келісуге толық толық күш-жігерін салу қажеттілігін атап өтті.

Жиынның басты тақырыбы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция жобасының келісілмеген ережелері бойынша ортақ амал-тәсілдер мен тұжырымдамаларды әзірлеу және Каспий маңы мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлері кеңесіне дайындық болды.

Делегациялар келіссөздер қорытындысына оң баға беріп, кездесуді жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қазақстан Республикасына  алғыс айтты. Арнайы жұмыс топтың келесі отырысы  Иран Ислам Республикасында өтеді. Оның өту мерзімі дипломатиялық арналар арқылы келісілетін болады.

Соңғы жаңалықтар