Каспий теңізінің жағалауын мониторингілеу жұмыстары күшейтілді
«2022 жылғы 11 шілдеде Каспий итбалығы Ақтау қаласындағы жағажай жағалауына шықты. Жануар күн сәулесінде шамамен 40 минут жылынып, содан кейін суға оралып, жүзіп кетті. Бұл ретте, жануардың саулығын және қандай да бір жарақат алмағаны туралы айтуға болады. Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясына Каспий теңізінің жағалау белдеуіне мониторингті күшейту тапсырылды.
2020 жылдан бастап Каспий итбалығы сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің тізбесіне (ҚР Қызыл кітабы) енгізілгенін еске сала кетейік»,-делінген хабарламада.
Сондай-ақ онда жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз айналысқаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделгені және құқықбұзушы мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айырылады. Сонымен қатар заң бұзған адамға 3000 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салынып, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға жегіледі, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы шектеліп, не сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
«Сонымен қатар, ҚР ҚК-нің 316-бабымен жануардың мертігуіне әкеп соққан қатыгездігі үшін жауапкершілік көзделген»,-деп мәлім етті министрліктің баспасөз қызметі.