Каспий теңізінің жағалауында бағалы тұқымды балықтардың аса ірі көлемімен браконьерлер ұсталды - ҰҚК
АСТАНА. Наурыздың 15-і. ҚазАқпарат - Кеше, наурыздың 14-і күні ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты Жағалау күзеті өңірлік басқармасының шекарашылары Каспий теңізінің жағалауында бағалы тұқымды балықтардың аса ірі көлемімен браконьерлерді құрықтады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шекарашылардың назарына іліккен «Ямаха» үлгісіндегі қуатты моторы бар «Прогресс» қайығының бортында екі адам болған. Оның бірі - Қазақстан Республикасының азаматы болса, екіншісінде жеке басын куәландыратын құжаттар болмаған. Қайықты тінту барысында 100 киләдан астам бекіре балығы мен 3 киләға жуық қара уылдырық табылды.
Қазір аталмыш факті бойынша тексеру амалдары жүргізілуде.