Каспий теңізін зерттейтін институтты құру жұмысы қалай жүріп жатыр

каспий теңізі
Фото: Pexels

Биыл Каспий теңізін зерттейтін ғылыми-зерттеу институты құрылады. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдері министрден: «Соңғы кезде халық Каспий теңізінің ахуалына алаңдаушылық білдіріп жатыр. Соңғы 13 жылда теңіздің солтүстік бөлігіндегі су деңгейі 1,5 метр төмендеп, жағалау 25 шаршы шақырымға тартылған. Қандай шаралар қабылданып жатыр?»  деп сұраған еді.

Нұржан Нұржігітов бүгінгі күні осындай проблеманың бар екенін жасырған жоқ.

«Сол проблемаларды шешу үшін қазіргі уақытта министрлік Каспий теңізін зерттейтін ғылыми-зерттеу институтын құру жұмысын атқарып жатыр. Бүгінде қаулы жобасы әзірленді. Тиісті органдармен келісіліп жатыр. Биыл сол институтты құрамыз. Негізгі жұмысы – проблемаларды зерттеу, шекаралас мемлекеттермен нақты шешімдер қабылдау», - деп жауап берді министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Каспий суының тартылуы мен итбалықтың қырылу себебін зерттейтін институт ашылатынын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар