Каспий теңізінде магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісі тіркелді
АСТАНА. KAZINFORM – Каспий теңізінде магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.
Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен сағат 21:09-да тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы 74 шақырым тереңдікте орналасқан.
Айта кетейік, бұған дейін 13 және 15 сәуір күндері қазақстандық сейсмологтар да Каспий теңізінде жер сілкіністерін тіркеген.