Каспий түбінде мұнай құбырын салу мүмкіндігі зерттеледі – министрлік

каспий теңізі
Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM – Каспий түбінде мұнай құбырын салу мүмкіндігі зерттеледі. Бұл туралы Энергетика министрлігінен мәлім етті.

Ведомство мәліметінше, орта мерзімді перспективада Атыраудан Құрыққа дейін мұнай құбырын салу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Сондай-ақ Транскаспий теңіз мұнайын тасымалдауды жылына 7 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар.

Бұл Ақтау портының қолданыстағы қуатына сәйкес келеді. 

«Қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін 12 мың тонналық 10-ға жуық жаңа дедвейт танкері қажет болады. Сондай-ақ, Каспий түбінде мұнай құбырын салу мүмкіндігі зерттеледі. Қазақстандық мұнайды экспорттық бағыттарға жеткізу шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық орындылығы мен уағдаластықтарына байланысты болады», - деп атап өтеді министрліктен.

Соңғы жаңалықтар