Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Каспий жағалауында ТЖМ қызметкерлеріне арналған еліміздегі алғашқы демалыс орны ашылды

АСТАНА. KAZINFORM – Ақтау қаласында Каспий теңізінің жағалауында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне арналған 112 Resort Aktau демалыс орталығының салтанатты ашылуы өтті.

Каспий жағалауында ТЖМ қызметкерлеріне арналған еліміздегі алғашқы демалыс орны ашты
Фото: ТЖМ

Ресми ашылу рәсіміне Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов, департамент басшылығы мен ардагерлер қатысты.

Жоба министр Шыңғыс Әріновтің бастамасымен жүзеге асырылып, елімізде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне арнайы арналған алғашқы ведомстволық демалыс орталығына айналды. Жоба аясында 45 заманауи капсулалық үй орнату көзделген.

Әрінов
Фото: ТЖМ

Бүгінде жайлы тұруға қажетті барлық жағдаймен толық жабдықталған алғашқы жеті капсулалық үй орнатылып, пайдалануға берілді. Әрбір капсулалық үй бір отбасының демалуына арналған және қажетті тұрмыстық техника мен құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

а
Фото: ТЖМ

Орталық аумағында жайлы әрі қауіпсіз демалыс үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Мұнда бақылау-өткізу пункті, әкімшілік ғимарат, мейрамхана, балалар ойын алаңы, екі субұрқақ, пирс, теңіз суы үздіксіз айналып тұратын бассейн және балалар бассейні, ашық аспан астындағы душ, барбекю аймағы, кафе және автотұрақ орналасқан.

с
Фото: ТЖМ

Аумақ абаттандырылған: асфальтталған кіреберіс жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдары салынған, сыртқы жарықтандыру орнатылған, көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, ағаштар отырғызылған. Демалыс орталығы қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген.

о
Фото: ТЖМ

Іс-шара барысында осы жобаны жүзеге асыруға белсенді қатысқан құтқарушылар, азаматтар, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен кәсіпкерлер ТЖМ ведомстволық наградаларымен марапатталды.

т
Фото: ТЖМ

112 Resort Aktau демалыс орталығын құру Қазақстан ТЖМ-нің әлеуметтік саясатының бір бөлігі болып табылады. Ол әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, жеке құрамды әлеуметтік қолдауды нығайтуға, сондай-ақ ТЖМ қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің демалуы мен күш-қуатын қалпына келтіруіне лайықты жағдай жасауға бағытталған.

о
Фото: ТЖМ

Демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Маңғыстау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы мен Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлеріне арналған жеке үй салынды. Олар мұнда тәулік бойы кезекшілік атқарады.

л
Фото: ТЖМ

Министрлік мәліметінше, ресми ашылғаннан кейін орталықтың алғашқы қонақтары нысанның құрылысы мен абаттандырылуына тікелей қатысқан құтқарушылар, өрт сөндірушілер және олардың отбасы мүшелері болады. Оларға демалуға сертификаттар табысталды.

в
Фото: ТЖМ

Шағын көлемді кемелерді бақылау ТЖМ құзырына өткенін жазған едік.

демалыс
Фото: ТЖМ