Каспий жағалауында туризмді дамытуға 21 жер учаскесі заңсыз берілген

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Каспий жағалауында туризмді дамытуға арналған 21 жер телімі негізсіз берілген. Мұны Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мониторинг барысында анықтап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Туризмді дамытуға арналған 21 жер телімі (43 га) «кеңейту мақсатында» негізсіз берілген. Мәселен, 2021 жылы қала әкімдігі тұрғынға демалыс базасын салуға арналған 10 сотық жер телімін кеңейту үшін іргелес жерден қосымша 4,7 сотық жерді 3 жылға жалға берген. Жер учаскесі осы күнге дейін игерілмеген және мемлекетке қайтару үшін сотқа талап-арыз берілді», - деді Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Шамурайт Шаменов.

Сондай-ақ тағы бір кәсіпкер теңіз жағалауында қонақүй құрылысын салуға арналған 1,5 гектар учаскесін кеңейту үшін әкімдіктен тағы 1,4 гектар жер телімін жалға алған. Алайда, ол жерді игерместен басқа адамға сатып жіберген. Игерілмеген жерді мемлекетке қайтару туралы сотқа талап-арыз берілді.

Айта кетейік, жер қатынастары саласына жүргізілген мониторинг сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасының негізінде жасалды.

Фото: Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті


Соңғы жаңалықтар