Каспий жағалауындағы өрт «Ақжайық» табиғи резерватына ауысты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Каспий теңізі жағалауындағы қызыл жалын «Ақжайық» табиғи резерватындағы өртке ұласты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау қаласынан 20 шақырым жерде Каспий теңізінің жағалауында 22 тамызда басталған өрт әлі сөндірілген жоқ. Балқурайлар жанып жатыр.

24 тамыз күні өрт желмен «Ақжайық» табиғи резерватына ауысқан. Резерват қызметкерлері қызыл жалынды ауыздықтауға кірісті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Атырауда Каспий теңізінің жағалауында қызыл жалын шарпыған аумақ артып жатыр.

Өрт сөндірушілер жалынды сөндіруге әрекет еткенмен, батпақтың салдарынан жақындай алмаған.


Соңғы жаңалықтар
telegram