Каспий жағасында кеме зауыты салынады

Көлік министрлігі Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы кеме өндірісін қолға алмақшы, деп хабарлайды Kazinform. 

Көлік министрлігі Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы кеме өндірісін қолға алмақшы
Фото: standard.kz

Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында осындай дерек айтты.

«Қазіргі таңда «ҚазақстанТеңізФлоты» компаниясы кемелердің жаңа моделін жобалауда. Ол жобаларды Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы қаржыландыру мүмкіндігі қарастырылады. Кеме зауытының өндірісін бастапқы кезеңде Каспий жағалауында орналасқан нысандардың базасында бастау жоспарланып отыр. Атап айтқанда, металл құрастыру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндігі бар «ЕрСай» компаниясының әлеуетін қолдану қарастырылған», - деді министр.

Оның сөзінше, жобаны іске асыруға «YDA», «Asfat» және «ADP» компаниялары қызығушылық танытып отыр.

«Оған қоса, 150-ден астам кемені жөндеу қажет. Олар да осы отандық кеме зауытында жөндеуден өтеді», - деді Марат Қарабаев.

Bloomberg: Трамптың мәлімдемесінен кейін Ормуз бұғазындағы қозғалыс тоқтап қалды
Ұқсас жаңалықтар

Bloomberg: Трамптың мәлімдемесінен кейін Ормуз бұғазындағы қозғалыс тоқтап қалды