Каспийде әскери-теңіз күштері курстық тапсырманы пысықтады

АҚТАУ.ҚазАқпарат - Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің әртекті кемелер дивизионының экипаждары Каспий теңізінің қазақстандық секторында «К-2» курстық тапсырмаларды пысықтауды аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Екі апта бойы зымыранды-артиллериялық корабльдер ұрысқа кемелерді және оның қару-жарағын қолдануды, бір корабльдің жауынгерлік іс-қимыл тактикасын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар кешенін орындады.

«Әскери-теңіз күштерінде курстық тапсырманы пысықтау – корабльдерді даярлау бағдарламасының маңызды кезеңі. Экипаждармен сабақтар ұдайы өткізіліп тұрады. Сонымен қатар әрбір әскери кеменің жорыққа дайындалудың өзіндік ерекшеліктері бар», – деді «Қазақстан» зымыранды-артиллериялық кораблінің командирі, 3-дәрежелі капитан Руслан Яхьяров.

Оқу-жауынгерлік іс-қимылдар теңіз ұрысының элементтерін, оның ішінде жау күштері мен құралдарына белсенді радиоэлектрондық қарсы іс-қимыл жағдайын орындауы да қамтылды. Әскери теңізшілер сондай-ақ, құтқару құрылғылары мен құралдарын қолдана отырып, бір корабльді құтқару жаттығуын өткізді.


Соңғы жаңалықтар