Каспийде браконьерлердің ауына түсіп қалған итбалықтар құтқарылды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаулық инспекторлар браконьерлердің ауына түсіп қалған итбалықтарды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Каспийде браконьерлердің ауына түсіп қалған итбалықтар құтқарылды

«7-8 қарашада Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары Каспий теңізінің акваториясындағы Маңғышлақ архипелагының аралдарында рейдтік шаралар өткізді», - делінген комитеттің Фейсбуктегі парақшасында.

null Нәтижесінде ұзындығы 300 метрдан астам ау табылып, олардың бірінен 2 итбалық құтқарылып, қайта теңізге жіберілді. Сонымен қатар 14 бекіре тұқымдас балық құтқарылды.