Каспийде Қазақстан, Өзбекстан және Ресей елдерінің 16 азаматы ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Каспий теңізі айдынындағы браконьерлік қызметтің жолын кесу мен ресурстарды қорғау бойынша бірлескен жедел-алдын алу шарасының II кезеңі аясында «Батыс» өңірлік басқармасының әскерилері мен теңіз шекарашылары құқықбұзушылықтың бірнеше оқиғасын тіркеді.
None
None

Елдің теңіз шекарашылары браконьерлік қызметпен айналысқан 16 адамды ұстады. Соның ішінде  9 қазақстандық, 5 Өзбекстан азаматы мен 2 Ресей азаматы бар, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен.

3 шағын жүзу құралы мен 1 қайық, 185 ұсақ балық және 14 келі өзен шаяны,  6 000 метрден астам торлы ау,  150 метр жабдық, 210 дана қармақ,  300 метрлік су түбінің ауы және 4 қайық қозғалтқышы тәркіленді.

Қазір бірлескен жедел-алдын алу шарасы жалғасып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар