Каспийде жоғалып кеткен мұнайшыларды 44 кеме мен 6 тікұшақ іздестіруде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Каспийдегі апат орнында жоғалып кеткен мұнайшыларды 40-тан астам кеме, 6 тікұшақ және 700-ден астам адам іздестіріп жатыр, деп хабарлайды РИА Новости Әзербайжан Мемлекеттік теңіз әкімшілігінде құрылған штабқа сілтеме жасап.

Каспийде жоғалып кеткен мұнайшыларды 44 кеме мен 6 тікұшақ іздестіруде

Бейсенбі күні Әзербайжан Мемлекеттік мұнай компаниясы (SOCAR) қатты соққан желден апат туындағанын хабарлады. Желдің ұйытқи соғуынан мұнай жинау бөлімшесінің 150 метрге созылатын эстакадасының бір бөлігі теңізге құлады. Мұнай жинау бөлімшесінде кезекшілікте болған бес адам із-түзсіз жоғалып кетті. Бір мұнайшы - Ильхам Алигусейн оглу Гафаровтың денесі табылды.