Каспийдегі апатта жоғалған Әзербайжан мұнайшыларының мүрдесі Қазақстанмен шектесетін аумақта табылды

БАКУ. ҚазАқпарат - Әзербайжанда Каспийдегі «Гюнешли» мұнай кен орнының 10 платформасындағы апатта жоғалып кеткен мұнайшылардың мүрдесі теңіздегі Қазақстанмен шекарадағы аймақта табылды.

Каспийдегі апатта жоғалған Әзербайжан мұнайшыларының мүрдесі Қазақстанмен шектесетін аумақта табылды

Бұл туралы SOCAR компаниясының вице-президенті Халик Мамедов мәлімдеді. Оның айтуынша, із-түзсіз жоғалған мұнайшыларды іздеу жұмыстары әлі де жалғасады. Алайда, қолайсыз ауа райы іздеушілер жұмысына кедергі келтіріп отыр.