Каспийдегі экологиялық әрекет ету базасы қыс бойы жұмыс істейтін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Каспий мұнай төгіндісіне экологиялық әрекет ету базасы енді қыс мезгілінде де жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Каспийдегі экологиялық  әрекет ету базасы қыс бойы жұмыс істейтін болды

Каспий теңізі мен қоршаған ортаның ластануына жол бермеу мақсатында құрылған базаны 2013 жылдан бері НКОК компаниясы жалға алып келе жатыр. Қазір мекемеде 40 адам еңбек етеді. Олардың жұмыстарының негізгі бағыты - теңіздің біздің елімізге тиесілі қайраңының солтүстік бөлігіндегі Қашаған кенішінде мұнай өндірген уақытта апатты жағдай бола қалса, дер кезінде әрекет ету.

Бұған дейін экологиялық база тек жазғы маусымда ғана жұмыс істейтін.

«Мұнай өндіру көлемінің артуына байланысты енді жылдың төрт мезгілінде де бұл жерде жұмыс істеледі», - деді Атыраудағы жұмыс сапары барысында аталған нысанда болған сенатор Қайрат Ищанов.