Каспийден Парсы шығанағына кеме арнасы салу мәселесі талқылануда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Каспий теңізінен Парсы шығанағына кемемен жүретін арнаны өткізу мәселесі талқыланып отыр, деп хабарлады Иранның Ресейдегі Елшісі Мехди Санаи Санкт-Петербор мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесу кезінде.

Каспийден Парсы шығанағына кеме арнасы салу мәселесі талқылануда

«Иә, бұл мәселе талқыланып жатыр», - деп жауап берді Елші студенттің қойған сұрағына, бірақ егжей-тегжейін нақтылаған жоқ.

Ресейлік ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Мехди Санаи студенттерге Иранның ішкі саясаты мен халықаралық қатынастары туралы дәрісті орыс тілінде оқыған.

Каспий теңізі - Жердегі ең ірі тұйық су қоймасы. Жағалауы 7 мың  шақырымға созылған, Ресей, Қазақстан, Түрікменстан, Иран және Әзербайжан аумағымен өтеді. Каспийді Парсы шығанағымен қосу үшін Иран жерінде кеме арнасын қазуға болады.