Каспийден заңсыз балық аулаушылар ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шекара қызметінің «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының теңізшілері Каспийде заңсыз балық аулап жүрген еліміздің 5 азаматын ұстады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.
None
None

«Семсер» шекара кемесінің экипажы «Байда» (жасанды жүзу құралы) мініп, мемлекеттік шекараны қалаған жерлерінен кесіп өтіп, балық аулап жүргендерді байқайды. Браконьерлер шекарашылардан қашып құтыла алмады.

Тексере келгенде кішкентай қайықтарына «Ямаха-200» моторын орнатып алып, Каспий теңізін шарлап жүргендер Жанбай ауылының тұрғындары болып шықты. Жеке басын растайтын куәліктері, жүзу құралына берілетін құжаттары болмады.

«Байда» тіркемеге алынды, ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 330 бабы бойынша қылмыстық іс қозғау көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар