Каспийдің әзірбайжандық бөлігінде Пираллахы-Сумгайыт жағалауының бойына 16 тазалаушы қондырғы орнатылды

БАКУ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - Каспийдің әзірбайжандық бөлігінде Пираллахы-Сумгайыт жағалауының бойына 16 локальды тазалаушы қондырғы орнатылды.

Каспийдің әзірбайжандық бөлігінде  Пираллахы-Сумгайыт  жағалауының  бойына  16  тазалаушы қондырғы орнатылды

Бұл қондырғылар ластанған 650 текше метр суды тазалауға көмектеседі.

Әзірбайжанның Экология және табиғи ресурстар министрлігінен хабарлағандай, 2009 жылы аталмыш ведомствоның күшімен Каспий теңізінің жағалау бойында 1371 экологиялық мониторинг жүргізілген.

955 шақырымдай аумақта жүргізілген бұл зерттеулер жағажайларды, теңізде жұмыс істейтін кәсіпорындарды қамтыды. Нәтижесінде, Каспий теңізіне ағатын 341 сарқынды арнасы анықталды.