Каспийдің батыс жағалауында жер сілкінді
АСТАНА. 2 қыркүйек. ҚазАқпарат - Каспий теңізінің батыс жағалауында магнитудасы 4,6 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Еуропа сейсмологиялық орталығы хабарлайды.
Орталықтың дерегіне қарағанда, жерасты дүмпулері 1 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша 0:41-де, Дербент қаласынан 7 шақырым қашықтықта және Дагестанские Огни қаласынан 6 шақырым қашықтықта тіркелді. Дүмпудің эпицентрі 2 шақырым тереңдікте орналасқан.
Құрбан болғандар мен қирандылар туралы мәлімет жоқ.