Каспийдің қазақстандық бөлігінен ресейлік браконьер ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен тәулік ішінде «Жағалау күзеті» мен «Батыс» өңірлік басқармаларының шекарашылары Қазақстан мен Ресейдің бірқатар азаматтарын ұстады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Каспийдің қазақстандық бөлігінен ресейлік браконьер ұсталды

Каспий теңізінің айдынындағы браконьерлік іс-қимылды ауыздықтап, оның байлығын сақтауға арналған арнайы біріккен жедел-сауықтыру іс-шара жалғасу үстінде.

Нәтижесінде бағалы балықтар мен аулау құралдары тәркіленді. 

«Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының шекарашылары Қазақстан азаматын ұстады. Одан 36 дана бекіре тұқымдас балық, сондай-ақ, 3 жүзу құралы - 2 «казанка» мен 1 үрленетін қайық, сондай-ақ, 11 000 метр ау, 1000 қармақ, 300 метр құрал-жабдықтар тәркіленді. 

Осы күні «Батыс» өңірлік басқармасының шекарашылары Ресей Федерациясының азаматын ұстады, одан 423 дана сазан тәркіленді», делінген хабарламада.