15:41, 17 Шілде 2015 | GMT +5
Каспийдің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы келісім ратификацияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.