Каспийдің тартылуы маңайындағы қамыс өртін өшіруді қиындатып отыр – ТЖМ

АСТАНА. ҚазАқпарат – Каспийдің тартылуы маңайындағы қамыс өртін өшіруді қиындатып отыр. Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай мәлімет келтірді, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.
None

«Қамыстың жанғанынан тұрғындарға тікелей зиян жоқ. Бірақ желдің ауытқуына байланысты әлеуметтік желіде ауаның ластанғаны туралы біраз резонанс болды. Біз бұл бағытта биыл тікұшақ шығардық. Бірақ мұндай кезде тікұшақтың да тиімділігі аздау. Өйткені Атырау, Ақтау жақта үнемі жел қатты соғып тұрады», - деді ол.

Оның айтуынша, тікұшақтың су бетіндегі өртке, түтіндеп тұрған жерге жақындауы өте қиын.

«Батпақты орынға техниканың да, адамдардың да баруы қиынға соғып жатады. Соған қарамастан, біздің мамандар аяқтары жеткен жерге дейін өртті қолдағы құралымен өшіріп жатады. Ал техникамен сөндіру мүмкін емес. Теңіздің тартылып жатқанына байланысты, батпақты жер көп. Сондықтан қамыстағы өртті өшіруге бара алмаймыз.

Жергілікті әкімдікпен осы бағытта жұмыс істейміз. Батпақты жерге баратын техниканың жоқтығы, қолданыстағы техниканың бұған тиімсізідігі қаралып жатыр. Қазіргі таңда Каспий жағасындағы өрт толық сөнген. Бір тікұшақ сол жақта кезекшілікте тұр», - деді Нұрболат Дербісов.


Соңғы жаңалықтар