Кәсіпкер органикалық өнім экспорттайтын фермерлердің логистикалық шығынын субсидиялауды сұрады

АСТАНА. KAZINFORM — Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғылым және инновация жөніндегі проректоры Ержан Сырғалиев Мәжілісте өтіп жатқан тақырыптық отырыста «Диқаншы» ЖШС өкілі Станислав Измоденов органикалық тауар экспорттауда кездесетін кедергілерді атады.

Товарооборот, логистика, контейнер
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

— Біздің органикалық өнімдер сапасы жөнінен еуропалық өнімдермен бәсекелесе алатынына қарамастан, логистика жағы әлсіз болып тұр. Қазір Қазақстан Ауғанстан, Иран, Қытай бағытындағы логистикаға, әрі қарай су жолымен тасымалдауға субсидия бөліп отыр. Бірақ Еуропа бағытында субсидия қарастырылмаған, — деді ол.

Кәсіпкер Еуропаға өнім жеткізудің өзіндік құны артып жатқанын айтады.

— Еуропаға органикалық өнім экспортын ұлғайтқымыз келсе, тым болмағанда логистикалық шығандардың бір бөлігін өтеп беруіміз керек, — деді Станислав Измоденов.

Бұған дейін ел өңірлерінде тартылған ет бағасы қанша екенін жазған едік

Соңғы жаңалықтар