19:33, 15 Тамыз 2024 | GMT +5
Кәсіпқой бокс: Жанқош Тұраров қыркүйек айының соңында жекпе-жек өткізеді
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров (28-0, 20 КО) қыркүйек айының соңында шаршы алаңға оралады.
All Stars Boxing промоутерлік компаниясының хабарлауынша, Жанқош Тұраров 28 қыркүйек күні Алматыдағы бокс кешінде өнер көрсетіп, IBO World және WBA Gold титулын қорғайды. Отандасымыздың қарсыласы әзірге белгісіз.
Айта кетейік, бұл – Тұраровтың 2024 жылдағы алғашқы жекпе-жегі. Боксшы өткен жылы екі айқас өткізіп, IBO World Super Light титулын иеленген болатын.
Жанқош Тұраров кәсіпқой бокстағы мансабын 2009 жылы бастады. Ол бүгінге дейін 28 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. BoxRec порталындағы мәлметтерге сүйенсек, Тұраров супер жеңіл салмақта әлемдік рейтингіде 11-орынға жайғасқан.