Кассир қыз өзі жұмыс істейтін сауда кешеніне бомба қойылды деп екі рет қоңырау шалған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Петербордың құқық қорғау органдары «Мега Парнас» сауда кешеніне бомба қойылды деп екі рет қоңырау шалған күдіктіні анықтады.

Кассир қыз өзі жұмыс істейтін сауда кешеніне бомба қойылды деп екі рет қоңырау шалған

Ол сауда кешеніндегі дүкендердің бірінің қызметкері болып шықты.

Өткен демалыс күндері полицияға «Мега Парнасқа» мина қойылды деген суық хабарды екі рет тексеруге тура келді. Екеуі де жалған болып шықты. Осы хабарлама бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мұқият іздеу жұмыстарының нәтижесінде күдікті анықталды. Ол осы сауда кешені дүкендерінің бірінің кассирі, 20 жастағы бойжеткен болып шықты. Әзілқой қыз ұсталды. Егер оның қылмысы дәлелденсе, үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды piter.tv.