Кассирлерді қаламсаппен қорқытып, банктерді тонаған ұры ұсталды
Ұры Лацио өңіріндегі Веллетри қаласының тұрғыны болып шықты. Ол Рим банктеріне қатарынан екі апта бойы шабуыл жасаған, деп хабарлайды Blitz Quotidiano порталы. Қаскүнем әдетте банк бөлмесіне баса-көктеп кіріп келіп, айқайлап, ақша беруді талап етіп, кассирдің мойнына Bic маркалы қарапайым қаламсапты тақай қояды екен. Жәбірленушілер мұны пышақ екен екен деп ойлап, тонаушыға бар ақшасын беріп отырған. Тоналған банктер - Unicredit банкінің филиалдары. Тек алтыншы рет тонаушылық әрекет барысында қылмыскердің жолы болмайды. Бұл жолы ол сақтандыру компаниясына басып кіріпті. Алайда қызметкерлер оның қулығын байқап қойып, жабылып, ұстамақшы болады. Қаскүнем қарсылық білдіріп қашып кеткенімен, көп ұзамай полиция қызметкерлері оны қолға түсірді. Қазір күдікті үй қамағына алынды.