18:47, 11 Маусым 2016 | GMT +5
Қастандық жасалған америкалық әнші Гримми көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық әнші, «Дауыс» («The Voice») жобасына қатысушы Кристина Гриммиге Флорида штаты Орландо қаласында концерттен кейін қастандық жасалды, деп хабарлады ВВС агенттігі.

«Жараланған әнші Кристина Гримми көз жұмды, асқан өкінішпен хабарлап отырмыз», деп жазды Twitter-дегі парақшасында Орландо полициясы.
Гриммиге «Before You Exit» тобымен бірге өнер көрсеткен «Plaza Live» концерт залында оқ атылды. Қаскөй әнші қолтаңба беріп жатқанында оқ атқан. Артынша ол өзіне қол салған. Оқиғаның мән-жайы белгісіз.