Қастеев атындағы музей Ұлы Жібек жолы музейлерінің альянсына енді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қастеев атындағы өнер музейінде Қытай ұлттық көркемсурет музейі ұйымдастырған Ұлы Жібек жолы форумының нәтижесі талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
None
None

Форумның басты мақсаты - көркемөнер музейлері мен Ұлы жібек жолы галереяларының альянсын құру болатын.

Форумның бірінші отырысына «бір белдеу, бір жол» аумағында орналасқан елдердің ұлттық өнер музейлері мен басты көркемдік институттарының өкілдері қатысты.

Форумда Франция, Греция, Венгрия, Шри Ланка, Бангладеш, Гонконг, Вьетнам, Беларусь, Армения, Ресей, Украина, Молдова, Болгария, Сингапур, Оңтүстік Корея елдерінің делегаттары бас қосты. Орталық Азиядан Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі барды. Қытай жағынан жетекші көркемсурет музейлерінің директорлары қатысты.

«Баяндамашылар өздерінің музейлері, музей коллекциялары жайлы сөз етті. Олар өздерінің институцияларын өзгеше етіп таныстырды, мұны түрлі елдердің коллекцияларының жай-жапсарын толықтай түсіндірген аса қызықты таныстырылым болды деуге болады. Біз Ә. Қастеев атындағы музейдің өнердің бес елі мен бес ғасырын аралап қайтуға болатын Шығыс және Еуропа өнерінен бастап қазіргі заманауи Қазақстан өнеріне дейінгі алуан түрлі көркемдік коллекциясы жайлы хабардар еттік. Әр елдегі өнер мен музей ісінің дамуына тән ерекшеліктерді білу өте маңызды», - деді Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің директоры, профессор Гүлмира Шалабаева.

Форумның соңғы күні Альянсты құру жайлы Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін, делегаттар болашақ көркемсурет көрмелерімен, мамандармен алмасу және реставраторлардың тағлымдамасы мен оқуын ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Ұйымның жаңа логотипі алқалы түрде таңдап алынып, Халықаралық Альянстың Жарғысы қабылданды. Хатшылық төрағасы болып жұмысшы орган NAMOC директоры, қытай елінің өкілі У Вэй Шань сайланды.

Болашақта Қытай Ұлттық музейінде Альянсқа қатысушы елдердің музей коллекцияларының экспонаттары мен үздік үлгілерін көрсететін біріккен көрме өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар