Қасым-Жомарт Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады

Кездесу барысында Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованың құзыретіне кіретін негізгі бағыттары мен міндеттерін айқындап берді.

Сондай-ақ, Президент жаңа уәкілге құқық қорғау қызметі бойынша Парламентпен және Үкіметпен, сонымен қатар, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды нығайту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.