Қасым-Жомарт Тоқаев: Адвокат қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлықпен күресте тиімді жұмысты жалғастыру керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауын жариялау кезінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресті жалғастыру қажет. Құзырлы агенттік жыл соңына дейін орта мерзімді кезеңдегі іс-қимылымыздың бағдарламасын айқындайтын стратегиялық құжатты бекітуге ұсынуы керек», - деді Мемлекет басшысы.
Президент бұл ретте «тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты» жоюға айрықша назар аударудың маңызын айтты.
«Азаматтардың құқығын қорғағанда құқық қорғаушылардың, соның ішінде адвокаттардың құқығы туралы ұмытпаған жөн. Олардың қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жұмысына кедергі келтіретін заңсыз әрекеттердің жолын кесу қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.