15:25, 21 Қараша 2022 | GMT +5
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Беларусь Президенті Александр Лукашенко Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс Президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады.
Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Беларусь арасындағы ынтымақтастықтың, стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың қазіргі жағдайы мен одан әрі нығаю перспективаларын талқылады.
Сонымен қатар тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Фото: akorda.kz